«Қолайсыз ауа райы факторларының салдарын азайту үшін жергілікті бюджеттен ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басы үшін азық құнын арзандатуға шамамен 2 млрд теңге қарастырылды. Жалпы, 2021 жылы облыста ауыл шаруашылығы саласын қолдауға шамамен 80 млрд теңге бөлінді. Ет өндірісінің 4,2% - ға және сүт өндірісінің 2,1% - ға өсуі тіркелді», - деді спикер. 


 
Облыс басшысы коронавирус пандемиясына орай қалыптасқан жағдайға қарамастан, кәсіпкерлікті дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мұны шағын және орта бизнес саласындағы негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика айғақтайды.  


«2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 5,4%-ға ғана емес, өнім өндірісі 20,6%-ға ұлғайды, бұл ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ЖӨӨ-дегі ШОБ үлесін 27,1% - ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда облыста 54,5 мың ШОБ субъектісі жұмыс істейді, оларда 158,6 мың адам еңбек етеді», - деді А.Мұхамбетов.