«Ең өзекті мәселе. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу үшін 19 түріне мониторинг жүргізіледі. Облыс бойынша бағаны тұрақтандыру үшін 5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 2,8 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бүгінде бес айлық қор дайындалып жатыр. Мысалы, көкөністер: 3200 тонна картоп, пияз, қырыққабат - 800 тоннадан астам, сәбіз, қарақұмық жармасы 500 тоннаға жуық. Бұл жұмыс жалғасады. Қалған 2 млрд теңгеден астам қаражат айналым қаражатына жұмсалады. Яғни, үлкен гипермаркеттер қамтамасыз етіледі. Оларда халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған әлеуметтік сөрелер бар (облыс бойынша 430 әлеуметтік сөре бар) және өндірушілерге де беріледі. Мысалы, «Промбаза 7» өндірушісі тазартылған күнбағыс майын шығарады. Біз оларға 245 млн теңге бөліп, баға белгіледік. Бүгінде олар күнбағыс майын 1 литрге 767 теңгеден сатады, одан артық көтермейді. Егер қосымша қаражат қажет болса, тағы да бөлеміз. Бірінші сұрыпты ұн және әлеуметтік нан бойынша. Нан 80 теңге, бұл облыс бойынша орташа баға. Маусымның соңына дейін 3000 тонна бірінші сұрыпты ұн қажет (2022 жылғы қыркүйектегі жаңа түсімге дейін), әлеуметтік нан пісіру үшін жеткілікті мөлшерде жиналды. Әрине, жеткізу бойынша аздаған шығындар бар, бірақ ең жоғары баға 83-84 теңге. Бұл жұмыс жалғасын табады. Біздің бүгінгі басты міндеттеріміз - өнімнің негізгі түрлеріне қолайлы бағаны ұстап тұру», - деді өңір басшысы.