Оның айтуынша, 2021 жылы 3,7 мың нысан анықталған. Ақпарат жергілікті орындаушы органдарға, сондай-ақ прокуратура органдарына жолданды.    

«Екінші міндет: өзен арналарының батпақтануы мен лайлануына бағалау жүргізіледі. Алынған ақпарат жергілікті атқарушы органдарға ұсынылады, бұл оларға тазарту және су түбін тереңдету жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және уақытылы жүзеге асыруға көмектеседі. Үшіншіден, бұл су тасқыны жағдайын болжамды модельдеу. Ертіс өзенінде апробациядан кейін су тасқыны жағдайын модельдеу және судың болжамды көлемін есептеу жөніндегі геосервис басқа бассейндерде қолдануға дайын болады. Бұл гидрологиялық режимді ескере отырып, судың таралу көлемі мен бағытын алдын ала есептеуге мүмкіндік береді. Су тасқыны кезеңінде ғарыштық жамылғысы туралы деректер де беріледі. Сондай-ақ, шығыс және оңтүстік өңірлер аумағындағы 80 морена көліне мониторинг жүргізілуде», - деді спикер. 


Сонымен қатар, ол өткен жылы Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгеті бұзылғанда Қазақстанмен шекаралас аумақтағы жағдайға күнделікті мониторинг жүргізілгенін атап өтті. Су тасқыны аймағында судың таралуының анимациялық моделі жасалды.