«Індетті жеңу жолдарының бірі- вакцинация. Қазіргі кезде тұрғындардың 98% егілді. Керекті дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтар толық қамтамасыз етілді. Карантиндік талаптарды сақтау үшін мобильдік топтар құрылды. Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерін іске асыру аясында фармацевтика саласы белсенді дамуда. Үстіміздегі жылдың 11 айында фармацевтика саласында 3 млрд астам өнім шығарылды. Ең негізгісі індеттерге қарсы құрал-жабдықтар шығаратын «Суперфарм фабрикасы және ауруларды анықтайтын экспресс тест шығаратын зауыт. Оның құрылысы былтыр басталды, вакцина шығаратын зауыттың бірінші кезеңі іске қосылды. Қыркүйектен бері кәсіпорын айына 500 мың доза вакцина шығаруда. Жалпы, 11 айда 1,5 млн доза қазақстандық вакцина шығарылды. Алғаш рет экспорт Қырғызстанға жөнелтілді. Қазір Орта Азия және Еуропа елдерінен де сұраныс бар. ДДСҰ рұқсаты бар. Жыл соңына дейін қуаттылық 2 млн дозаға жеткізілмек», - деді спикер. 


Облыс басшысының айтуынша, қазіргі кезде зауыттың екінші кезеңінің құрылысы басталды. Оны сәуір-мамыр айларында аяқтау көзделген. Айына кемінде 2-3 млн доза, коронавирустан басқа да ауруларға қатысты вакциналар шығарылады. Мақсат – халықты екпелермен қамтамасыз ету және оларды басқа мемлекеттерге экспорттау.