«Биыл 41 мың га суармалы жер қалпына келтіріліп, көлемі 180 мың га құрады. Суармалы жерлерді көбейту үшін су тапшылығын ескере отырып, арнайы су балансын жасадық. Ондағы мақсат – жер асты, жер үсті суларын анықтау, оларды пайдалану. А.Сафин атындағы ғылыми зерттеу институтының мәліметінше, жер астынан 700-800 млн текше метр суды пайдалануға болады. Ол үшін кем дегенде 700 скважина жаңадан салынуы немесе қалпына келтірілуі тиіс. Сонымен қатар, жаңа технологиялар қолданысқа енгізілуде. Қазіргі кезде Израиль, басқа да мемлекеттермен жұмыс істеп, кәсіпкерлер, ӘКК есебінен жаңбырлы құрылғылар орнатылуда. Мал шаруашылығында мал басының өсімі 6-8 пайыз. Бұдан бөлек, өңір табиғаты көкөніс, өнім өсіруге қолайлы. Биыл алма көптеп өсірілуде, 11 айда 42 тонна алма Араб елдеріне экспортталды.  Ал ет экспорты 4,5 мың тоннаны құрады», - деді өңір басшысы.  


Оның айтуынша, облыста балық шаруашылығын жүргізуге арналған 140 астам су қоймасы бар. Форель балықтарын өсіруге арналған 18 тау учаскесі анықталды. Сондай-ақ, бал өндірушілерге жергілікті бюджеттен қосымша субсидия беру мәселесі қарастырылуда.