Бүгінгі таңда өңір бойынша бұл көрсеткіш 23%-ды құрайды. 


«Шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау үшін 11 айда шамамен 18 млрд теңге бөлінді, бірақ бұл жұмыс одан әрі жалғасатын болады. Бизнесмендерге біздің мемлекеттік бағдарламаларымыз, әсіресе «Қарапайым заттар экономикасы» үлкен көмек көрсетеді. Бұл тұрғыда өңір республика бойынша көш бастап тұр. Шамамен 95 млрд теңгеге өтінім шығарылды, бизнесмендеріміз 70 млрд теңгеге жуық қаражат алды. Бүгінгі таңда біз 600 000 шаршы метр бөлдік, міндет 650 000-ға дейін жеткізу. Жыл соңына дейін қосымша 50 000 шаршы метр пайдалануға беріледі деп ойлаймын. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес Бірыңғай зейнетақы төлемдері халық үшін үлкен қолдау көрсетеді. Біздің облыс бойынша салымшылардың шоттарына зейнетақы қорынан 10 000-ға жуық салымшыдан 25 млрд теңге аударылды. 4858 тұрғын 15 млрд теңгеге пәтер алды», - деді спикер. 


Айта кетейік, өңірде жұмыспен қамту және жұмыссыздықпен күрес мәселесі белсенді шешілуде. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында 54 000 адам қамтылып, 30 000 жұмыс орны, 17 000 тұрақты жұмыс орны құрылды. Енді АӘК алушылар көп. Ал орташа жалақы 22,6% өсті.