«Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Қордайда зардап шеккен 153 нысан қалпына келтірілді. Оның ішінде, үйлер де, коммерциялық нысандар да бар. Жобаның негізгі міндеті – жалпы ел саясатын түсіндіру, көмекті, қолдауды қажет ететін отбасыларға қол ұшын созу, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және Қордайда болған оқиғаны жергілікті тұрғындарға айтып, ұлтаралық қарым-қатынасты, достықты нығайту. Қазіргі кезде жағдай тұрақты. Екі ай бұрын қоғамдық келісім министрлігімен бірлесе отырып, «Этносарлық қарым-қатынас. Қазіргі жағдай. Болашақ» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырылды. Оған АҚШ, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен мамандар, ғалымдар қатысты. Шара қорытындысы бойынша қарар қабылданды», - деді спикер өз жауабында.