«Қазіргі уақытта ел бойынша 2 млрд ағаш отырғызу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Кеңістіктік ақпараты бар геодеректер базасы дайындалды. Деректер базасына облыстар бөлінісінде бекітілген Кешенді жоспарлардан мәліметтер енгізілді. Интерактивті картада мекеменің атауы, орман шаруашылығы филиалы, квартал және телім көрсетілген әр түрлі қабаттар бар, сондай-ақ мұнда гектардағы алаң, отырғызылатын ағаш түрлері, ағаштар саны, бар орман питомниктері туралы мәліметтер, мекемелердің отырғызу материалдарын қазу туралы мәліметтері, 2 млрд ағаш отырғызудың кешенді жоспарлары туралы ақпаратты көруге болады. Геосервис облыстар бойынша барлық жоспарланған көрсеткіштерді картографиялық түрде көрсетуге, сондай-ақ бекітілген жоспарлардың сапалы орындалуын бақылауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, OrmanMAP мобильді қосымшасы әзірленді, оған облыстардың мемлекеттік орман қорының шекарасын, облыстардың ормандылығын, отырғызу алаңын, орман отырғызуға жоспарланған учаскелерді анықтау функциясы қосылды. Ағаш отырғызу және орманшылықтарды іздеу бойынша инфографика бар», - деп жаңалықтармен бөлісті спикер.  


Айта кетейік, интерактивті карта мен қосымша штаттық режимде жұмыс істейді.