«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматыны «Тәуелсіздіктің алтын бесігі» деп атап өтті. Мұнда Тәуелсіздік Декларациясы, Мемлекеттік рәміздер, ұлттық валюта секілді маңызды шешімдер қабылданды. Елбасы мен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ықыласы мен қолдауының арқасында Алматы тәуелсіздік жылдары дамудың тұрақты динамикасын көрсетуде. 
Тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекет шағын және орта бизнесті қолдауда белсенді рөл атқаруда, нәтижесінде Алматыда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 94,6 есе және шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің саны 9,3 есеге артты. Халық саны 1,8 есе өсті және қазір мегаполисте 2 миллионнан астам халық тұрады. Халықтың қажеттілігін ескере отырып, 30 жылдың ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының саны 1,5 есе ұлғайды. Қала тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 74 жасқа жетті. Тәуелсіздік жылдарында білім алуға қолжетімділік айтарлықтай өсті, мемлекет 61 балабақша мен 45 мектеп салды, бизнес 450-ден астам балабақша мен 84 мектепті іске қосты. Тұрғын үй құрылысының көлемі 7,5 есе ұлғайды - 26,8 млн шаршы метр тұрғын үй салынды», - деді қала басшысы.