Оның айтуынша, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін 2,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, мемлекеттік бюджет есебінен 3,9 мың пәтер салынады. 


«Өткен кезеңде барлығы 3516 отбасы баспанамен қамтылды. «Шаңырақ» пилоттық жобасы басталды, бұл 1214 отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.  «Алматы Жастары» бағдарламасы екінші жыл бойы жұмыс істеп келеді. Әр жылда 1 мың пәтер беріледі. Биыл 910 отбасы баспаналы болды. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша - 431 отбасы, коммуналдық тұрғын үй қорынан - 61 отбасы пәтерлермен қамтамасыз етілді. Меншік иелерінің бірлестігі қағидаттарын енгізу шеңберінде жыл басынан бері 2500 көппәтерлі тұрғын үйді қамтумен 800 жиналыс өткізілді. Алматыда басқарудың 2985 жаңа нысаны тіркелген», - деді Б.Сағынтаев.