Мемлекет басшысының жақында Алматыға жасаған жұмыс сапары кезінде капсула салынды.  Президент айтып өткендей жаңа қондырғының салынуы Алматының бүкіл энергия кешенін кең ауқымда жаңартуды бастауға мүмкіндік береді.  

«2-ші Жылу электр орталығын жаңғырту зиянды заттардың көлемін 7,5 есе азайтады. Қазірдің өзінде 15 экопост орнатылды, жыл соңына дейін тағы 4-еуі кезекпен орнатылады. Барлық посттар өлшеу құралдарымен және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Сондай-ақ, жыл соңына дейін тағы 3 жылжымалы экопост пен зертхананы іске қосылады.  Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында 3 жылда 1 млн ағаш отырғызу жөніндегі «Жасыл Алматы» бағдарламасы екінші жыл іске асырылуда. Қазірдің өзінде 570 мың түрлі көшет отырғызылды. Жыл соңына дейін 190 мыңнан астам көшет отырғызу көзделген», - деді қала басшысы.