Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындалу барысы жайлы баяндады. Тәуелсіздік жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында бүкіл ел, оның ішінде Шымкент қаласы қарқынды дамып келеді. Соңғы 30 жылда Шымкент қаласындағы халық саны 400 мың адамнан қазір 1 миллионнан асты. 


«1991 жылы қалада 72 мектеп болса, бүгінде 202 мектеп өскелең ұрпаққа білім беруде. Тәуелсіздік таңында 68 мың оқушы болса, қазіргі таңда 250 мыңнан аса оқушымыз бар. Мәдениет нысандарының саны 52-ден 120-ға жетіп, спорт нысандары 337-ден 900-ге көбейді. 90-шы жылдары қалада 22 денсаулық сақтау нысаны болса, қазір ол 110-ға жетті. Отыз жылда Шымкент тұрғындарының орташа жасы 63-тен 71 жасқа артты. Осы жылдар ішінде қалада өнеркәсіп өнім көлемі 10 млрд теңгеден 670 млрд теңгеге артты. Қала бюджеті 1 млрд теңгеден бүгінгі күнде 497 млрд теңгеге өсті», - деді қала әкімі.