«Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі биыл байқау өткізді. Бүгінгі таңда әкімдік арнайы жер телімін бөлді, қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, онда барлық экологиялық мәселелер ескеріледі. Энергетика министрлігі осындай талап қойды. ЖСҚ аяқталғаннан кейін біз қалай және не болатынын нақты айтамыз. Қазір мәселе шешілген жоқ. Мердігердің жобасы бойынша құрылыс 2022 жылы басталып, 2024 жылы аяқталады деп күтілуде. Жылына 2 мың тонна қоқыс өртеледі. Қалада қоқыс сұрыптау зауыты бар. Бұл екі ұйым бірге жұмыс істейтін болады. Бұл зауыттар электр энергиясын өндіреді, ал бұл Шымкент үшін өте өзекті», - деп жауап берді мегаполис басшысы.