Оның айтуынша, өтінімдерді алдын ала жариялау тетігі, тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы институты енгізілді. Авторлық құқық бойынша дауларды сотқа дейін реттеудің міндетті рәсімі алынып тасталды, бұл авторлық құқық объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік берді. 


«Өткен жылдың қараша айында Еуразиялық патенттік конвенцияға Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттама күшіне енді. Енді қазақстандық кәсіпкерлер, өндірушілер, дизайнерлер бір өтінім негізінде бірден 8 мемлекетте өнеркәсіптік үлгіге қорғау алу мүмкіндігіне ие. Биылғы  жылдың сәуір айында Еуразиялық экономикалық Одақтың тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы шарт ратификацияланды. Енді тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеу рәсімдері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кез келген патенттік ведомствосына бір өтінім беру және 5 елдің аумағында күзет алу мүмкіндігі арқылы оңайлатылды. Биылғы жылдың мамыр айында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды. Келісім тұтынушылар мен өндірушілерді қорғауға бағытталған. ТМД елдері тауардың шығарылған жері мен өндірушісіне қатысты жаңылыстыратын өнімді өндіру мен өткізуге қарсы күрес мәселелері бойынша ынтымақтасатын болады. Ақпараттық технологиялардың дамуы Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануды Интернетке көшірді. Биыл қараша айында ақпараттық – телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды»,- деп хабарлады спикер. 


Бұл қатысушы мемлекеттердің авторлар мен құқық иеленушілердің құқықтарын цифрлық ортада қорғау бойынша күш – жігерін біріктіруге, зияткерлік құқықтарды сақтау және қорғау саласындағы проблемаларды шешуге бірыңғай тәсілдерді белгілеуге мүмкіндік береді.