Оның айтуынша, Атырау облысында мұнай өңдеу зауыты «Сасық сай» тоған-булануын қалпына келтіре отырып, «Тазалық» жобасын іске асыруға кірісті. Әкімдіктің балансындағы бөлігі бойынша қалпына келтіру жұмыстары тамыз айында басталды. Биыл 300 млн теңге бөлінді. Қалпына келтіру жұмыстары 2023 жылы аяқталады.  


«Сол жағалауда кәріз-тазарту құрылыстары қайта жаңғыртылды. Оң жағалаудағы ескі КТҚ қайта құру 2023 жылы аяқталады. Сонымен қатар, «Квадрат» буландырғыш тоғанын тазарту жоспарланған. Шығыс Қазақстан облысында «Қазмырыш» АҚ 2025 жылға дейін Жаңа қолжетімді технологияларды пайдалана отырып, шығарындыларды 20% төмендетеді. Белсенді мұнай өндіруші өңір Маңғыстау облысында мұнай кәсіпшіліктерінде мұнай шламдарын жинақтау экологиялық проблемасы бар. «Қазмұнайгаз» компаниясы мұнай өнімдерін жою мен кәдеге жаратуды бастады. Қазірдің өзінде 2,5 млн тоннаның бір миллионнан астамы жойылды. Жұмыс 2024 жылы аяқталады. Сондай-ақ «Қошқар ата» тарихи жерде ластануды жою қолға алынды. Осы мақсатта республикалық бюджеттен биыл 1 млрд теңге, 2022 жылға – 3 млрд теңге, 2023 және 2024 жылдарға 500 млн теңгеден қарастырылған», - деп атап өтті спикер.  


Сонымен қатар, Ақтөбе облысында ферроқорытпа зауытындағы цехтарды жаңғырту және қайта құру есебінен шығарындылар үштен бірге азаяды. 2025 жылға дейін кәріздік-тазарту құрылыстарын жаңғыртуды жүргізу жоспарланған. Ал Алматыда «Самұрық-Қазына» қоры 2-ші ЖЭО-да бу-газ қондырғысын салу және 3-ші ЖЭО-ны жаңғырту туралы шешім қабылдады.