«NurOtan сайлауалды тұғырнамасы аясында 2025 жылға дейін еліміздің кітапхана қорын жыл сайын, оның ішінде көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін мемлекеттік тілде 10% - ға ұлғайту көзделген. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Дарынды балаларды жан-жақты қолдау қажет» деп тағы да атап өтті. Сондықтан Үкіметке жыл соңына дейін Жаңа мәдениетті және оның дарынды өкілдерін ілгерілетуге бағытталған практикалық шаралар жоспарын ұсыну тапсырылды. Шығармашыл жастарды қолдау жоспарының жобасы аясында жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға ықпал ететін мәдениеттің түрлі бағыттары мен жанрларын дамытуға бағытталған республикалық, облыстық және халықаралық деңгейдегі 80-ге жуық іс-шара алдын ала жоспарланған. 2021 жылдың соңына дейін республика бойынша 89 мәдениет объектісінің құрылысы, ал мәдениет объектілерін жөндеу шеңберінде 267 мәдениет нысанын жөндеу жұмыстары аяқталады, жоспарлы көрсеткіш 26,5%-ға немесе 56 объектіге асыра орындалды», - деді министр балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ халық үшін мәдениет объектілерінің қолжетімділігін арттыру үшін жағдайлар тиісті инфрақұрылымды дамыту арқылы жасалатынын атап өтіп.