«Туристік қызмет туралы» заңда туристік саланы қолдау шаралары қарастырылған: туроператорларға субсидиялар, туристік нысандар мен санитарлық-гигиеналық қондырғыларды салу кезіндегі шығындарды өтеу, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін туравтобустарды сатып алу және т.б.. Қабылданған шаралар турбизнеске де, қарапайым азаматтарға да ел ішіндегі демалысты қол жетімді және жайлы етуге көмектеседі. Мысалы, Kids Go Free бағдарламасы бойынша отбасылық демалыс 30% дейін арзанға түседі, ал жол бойындағы сервисті жетілдіруге бизнесті тарту туристік маршруттарды барынша ыңғайлы етеді. Қонақ үй қорын дамыту және негізгі туристік дестинацияларда инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері тұрақты бақылауға алынған. Жалпы инвестициялар көлемі 3 трлн теңге болатын 194 жеке инвестициялық жобадан тұратын пул құрылды, оларды іске асыру 2021-2025 жылдар кезеңінде көзделген. Бүгінгі таңда 109 жобаның 194,2 млрд теңге сомасына 2 мың жұмыс орнын және 3 274 төсек-орынды құрумен 82 жоба аяқталды», - деп атап өтті спикер. 


Туристік дестинациялардың инвестициялық тартымдылығының маңызды факторы инженерлік-коммуникациялық және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі болып табылады.  Туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында өткен 2 жылда 80 жобаны іске асыруға 126,1 млрд теңге мемлекеттік инвестиция бөлінді. 2021 жылы 59,8 млрд теңге сомасына 39 жоба қаржыландырылды. Туристік дестинацияларға дейін шамамен 250 км автожол салынды және қайта жаңартылды, нөсер кәріздері, сумен жабдықтау, электр беру, газбен жабдықтау желілері тартылып, ілеспе инфрақұрылымның басқа да жобалары жүзеге асырылды.