«Мәдениет ұйымында кәсіби қызметі тоқтатылған кезде кемінде 20 жыл кәсіби еңбек өтілі бар балет артистеріне соңғы 3 жылдағы орташа еңбекақының 60% мөлшерінде арнайы ай сайынғы ақшалай төлемдер белгіленген. Әдебиет және өнер қайраткерлеріне, талантты жастарға мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы стипендиясы жылына 240-тан 660 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.  2021 жылы шығармашылық одақтарды қолдау мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 7 жобаны жүзеге асыру үшін 46, 6 млн теңге бөлінді. Дене шынықтыру мұғалімдеріне мектептерде сабақтан тыс спорттық сабақтарды жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы енгізілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2021 жылғы Жолдауда айтылған тапсырмасын орындау шеңберінде 2022 жылдан бастап азаматтық қызметшілердің барлық санаттарының (А, В, С, D), оның ішінде мәдениет, архив ісі ұйымдарының қызметкерлерінің жалақысын 2025 жылға дейін орта есеппен 20%-ға жыл сайын арттыру көзделген», - деді спикер. 


Сала қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде.