«Егер бұған дейін Ережеде тұрғын үй құрылысына ақша алуға болатындығы реттеліп, бұл үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы мен құрылыс жүргізуге рұқсаттан тұратын көптеген құжаттар топтамасы қажет болса, көптеген салымшылар «алдымен құрылысқа рұқсат құжаттарын алмас бұрын жер учаскесін сатып алуымыз қажет» деп айтты. Енді бұл опция іске қосылды. Бүгін порталда осы қосымша «батырма» пайда болды. Бұл - жер учаскесін сатып алуға өтінім беру мүмкіндігі. Жер учаскелері нарықта екі мақсатта сатып алынады: актіде ЖТҚ немесе жеке қосалқы шаруашылық көрсетілуі тиіс. 24 ай ішінде, яғни 2 жылда осы учаскеде үй салынып, банкке нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Құжаттар online тапсырылады. 2 жылдан кейін жеке кабинетіңізге кіріп, платформада өз өтініміңізді, сондай-ақ пайдалануға беру актісін және жылжымайтын мүлікке тіркелген ауыртпалық құқықтары және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы қоса бересіз», - деп түйіндеді спикер.