Оның атап өтуінше, биыл 49 шақырым бөгет салынды және жөнделді, 75 шақырым жағалауды бекіту, сондай-ақ 47 шақырымдық өзен арналарын түзету және 46 шақырым түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. 


«Бірінші кезекте қабылданып жатқан шаралар материалдық шығынды едәуір қысқартуға, инфрақұрылым мен тұрғын үйді су тасқынынан сақтауға мүмкіндік береді. Көктемде еліміздің бес елді мекенінде 49 тұрғын үйді су басты, 7 су тасу және 4 автожол учаскесін су шайып кетті. Қазіргі уақытта алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде. Бұл алдын ала іс-шаралар, оларды күзгі - қысқы кезеңде бастаймыз және күн жылына бастағанда қысқы кезеңнің соңында белсендірек кірісеміз», - деп атап өтті спикер.