«Өкінішке орай, жыл сайын балалар мен ересектер арасында зардап шеккендер бойынша статистика бар. Бірақ мінез-құлық мәдениеті артуының арқасында бұл көрсеткіш төмендеуде. Егер 2000 жылдардың басында жүздеген адам болса, қазір жыл сайын пиротехникалық бұйымдардың жарылуынан зардап шеккендер саны 10-20 адам шамасында. Өрт әр жолы әртүрлі болады. Тұрғын үйлердің немесе басқа құрылыстардың жанында пиротехниканы дұрыс пайдаланылмаудың нәтижесінде, жаңа жылдық түні шамамен 2-3 өрт болады. Кез келген, тіпті лицензияланған пиротехникалық бұйымның өзін дұрыс пайдаланылмаса, бұл қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін», - деп атап өтті ведомство басшысы. 


Ол сондай-ақ қазір бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатқанын атап өтті. Олар ІІМ жетекшілігімен өтуде.  


Сонымен қатар, Ильин пандемияға байланысты шекаралардың жабылуына байланысты нарықта қытайлық пиротехника аз болады деп болжады.