«Барлық мүдделі құрылымдармен, қоғамдық ұйымдармен, бизнес қауымдастық өкілдерімен тұрақты диалог жүргізудеміз. Көптеген ескертулер мен ұсыныстар алдық, қазіргі уақытта оларды зерделеу мен өңдеу жұмыстары қолға алынды. Пысықтау процесін әрі қарай жалғастыруды, өңірлерге шығып, талқылау ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. АШМ жанынан жұмыс тобы құрылды. Оған ауыл шаруашылық тауар өндірушілері, шаруашылық өкілдері де енді. Ең бастысы, субсидиялаудың жаңа жүйесі масылдық әрекетке жетелемей, ынталандырушы, өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталған және ішкі азық-түлік нарығының жағдайына ғана емес, жалпы ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетіне де оң әсер етуші болғанын қалаймыз», - деді министр.