«Биыл мемлекеттік қызметкерлердің 10%, келесі жылы 15% қысқартылады. Бұл шара 50 резервшіге ешқандай әсерін тигізбейді, олар жұмысқа қабылданады. Олар үздік шыққандар. Оларға жұмыс табылады. Резервшілердің ішіндегі жігіттердің барлығы қандай аймаққа жіберсе де, баруға дайынмын деп жауап берді. Біз үшін ең бастысы, оның біліктілігі. Мұндай адамдар бізге керек. Олар жұмыс істеуге дайын. Біз оларды қолдаймыз», - деді агентік төрайымы.
Оның мәліметінше, бұған дейін іріктелген мамандардың 63% жұмыспен қамтылды. Қалғаны өз жұмысы болғандықтан, ұсынылған қызметтерден бас тартты. Олардың резервте болу мерзімі 5 жыл. Әлі де уақыт бар. Олармен жұмыс жүргізілуде.