Отын энергетика кешенін дамыту тұжырымдамасының жоспарларына сәйкес 2030 жылға қарай мұнай-газхимия өнімдерін өндіру көлемі 18 есе артып, 3,4 млн.тоннаға дейін жетеді. Мұндай перспективаларды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің энергетикалық ведомствосының басшысы Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.  

«Мұнай-газ химия жобалары. Шымкент қаласында қуаты 57 мың тонна метил-трет-бутил эфирі бар зауыт іске қосылды.  2022 жылы қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауытты пайдалануға беру жоспарланған. Мұнай-газ-химия саласында бірқатар ірі жоба, атап айтқанда қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен және қуаты жылына 189 мың тонна бутадиен өндіру бойынша жобалар іске асырылатын болады.  

Полиэтилен жобасы бойынша бүгінгі таңда стратегиялық инвестормен ынтымақтастықтың базалық шарттары бойынша келісімдерге қол қойылды.  

Бутадиен жобасы бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында стратегиялық әріптес ретінде «Татнефть» жария акционерлік қоғамымен жобаны бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол қойылды. Жобаның ТЭН-ін әзірлеу жүргізілуде», - деп атап өтті спикер. 


Аталған жобаларды іске асыру Қазақстан экономикасына шамамен 8,6 млрд АҚШ долларын инвестиция тартуға мүмкіндік береді.