«ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясының көлемі биыл 4,2 млрд кВт/сағ құрайды немесе елдің энергетикалық балансындағы үлесі туралы айтатын болсақ, 3,7% деңгейінде. 2030 жылға қарай Президенттің тапсырмасы бойынша жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 15% дейін арттыру күтілуде. Индикаторға қол жеткізу үшін инвестициялардың жалпы көлемі 3 трлн теңгеден асатын шамамен 7 ГВт жаңа қуаттарды қосымша енгізу қажет болады», - деді ведомство басшысы.