«Қазіргі уақытта операторлардың ұсынысы бойынша жоғары қажеттілікке байланысты орталық үш тауар тобын: тиек арматурасы мен клапандарды); электр техникалық жабдықты; БӨАжА (бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика) талдау мен оқшаулауға шоғырланды. Сондай-ақ жақында ғана жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қоры құрылды. «Шеврон» компаниясы республика алдындағы өзінің қайта инвестициялау міндеттемелері шеңберінде жергілікті үлесті дамытуға шамамен 250 млн АҚШ бөледі. Инвестициялар технология және IT бағыттары, базалық тауарлар өндірісі және мұнай-газ секторына арналған жабдықтардың жекелеген түрлерін құрастыруға басым түрде тартылады. Қор қазірдің өзінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында тіркелген», - деді министр.  


Кәсіпкерлерден өтінімдерді қабылдау 29 желтоқсанда Шеврон тікелей инвестициялар қорының сайтында басталады. Осындай бастамалардың арқасында мұнай-газ саласы тауарлар өндірісінің өз жүйесі құрылады.