«Осы әлеуметтік кодекске ұсынылған тұжырымдамада бүгінгі күні нормативтік-құқықтық актілердің басым бөлігі әлеуметтік қолдаудың барлық шараларын, тетіктерін реттейтіні айтылған. Бұл атаулы әлеуметтік көмек беру бөлігінде де болуы мүмкін, ол жылдан жылға дамып келеді, бұдан басқа өзге де НҚА бір кодекс шеңберінде шоғырландырылатын болады. Қазіргі уақытта министрлік мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ-мен бірлесіп, нені қосу, не қоспау туралы ұсыныстарды пысықтап, толықтыруда. Сондай-ақ, әлеуметтік кодекс шеңберінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін енгізуге қатысты да мәселе туындайды. Әділет министрлігі жобаны 2022 жылдың қыркүйегіне қарай алады және еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, осы Кодекстің негізгі ережелерін толығырақ баяндайтын болады», - деп жауап берді спикер.