Марат Бекетаев өз жауабында бұл қазіргі кезде тиімсіз болатынын айтты.   


«Меніңше, оларды анықтап, одан әрі өзін-өзі реттейтін ұйымдар бақылайды. Өкінішке орай, қазір адвокаттар алқасы Германия, Англия, АҚШ елдеріндегідей барлық функцияларды орындау үшін жеткілікті дәрежеде дамымаған, бірақ болашақта бұған қолжеткізуіміз керек. Мен кәсіби ұйымдардың өзін-өзі реттеуін қолдаймын. Алғашқы қадамдар 2017 жылы Әділет министрлігі әзірлеген және 2018 жылы Парламент қабылдаған адвокатық қызмет және құқықтық қызметтер жөніндегі заң жобасы аясында жасалды. Енді осы немесе басқа тестті қосымша немесе адвокаттардың жұмысын қосымша тексеруді енгізу мүлдем тиімсіз деп санаймын. Себебі бұл жүйелік емес тәсіл болады. Сонымен қатар, осы салада жүргізілген барлық реформалар адвокаттық қоғамдастықтың өзімен белсенді және егжей-тегжейлі талқыланды. Бүгінде Әділет министрлігінде адвокаттық кәсіби қауымдастықпен түсіністік орнатылғанын айта аламын. Атап айтқанда, адвокаттар алқасының жаңа төрағасы ретінде Айдын Бекебаевтың тағайындалуын құптаймын. Онымен алдағы реформалар бойынша талқылаулар апта сайын өтеді», - деп жауап берді министр.