«Жаңаөзенде орналасқан «Қазақ Газ Өңдеу» заутында газдың 1 тоннасы 98 мың тоннаны құрап отыр. Оны литрмен айтқанда, 60-70 теңгеге тең. Оған логистиканы қосыңыз. Сонда газ тарату станцияларындағы газдың өзіндік құны шамамен 80 теңгені құрап отыр. Оны өзіндік құннан төмен деңгейде сатуға болмайды. Бұл тығырыққа әкеледі. Сондықтан бұл саланы дамыту үшін, осы салаға инвестиция тарту үшін қолданыстағы зауыттарды осы жағдайда ұстағымыз келсе, газдың бағасын арзандатуға болмайды. Станция қожайындарының бастамасы, әлеуметтік бастама, өз маржасымен бөлісіп, 100-120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін азайту. Біз осы бастаманы қолдаймыз. Ал тексеру жұмыстары жүргізілген соң, нақты рентабельділігі анықталып, шешім қабылданады», - деді министр.