Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралар» АЖ порталының жұмысына қатысты келесіні хабарлайды.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне және интернет желісінің жұмысындағы техникалық іркілістерге байланысты Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының
2) тармақшасына сәйкес Комитет 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығындағы кезеңде техникалық қатені тану туралы хаттамаға қол қойды.

Қажет болған жағдайда, салық төлеушілер 2022 жылғы
19 қаңтардан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде кейіннен «Электрондық шот-фактуралар» АЖ-ға енгізе отырып, шот-фактураны қағаз түрінде беруге құқылы.

Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.