Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министірлігімен бірлесіп бірыңғай колл-орталығы базасында барлық мұқтаж жандарға, соның ішінде елдегі террористік актілерден зардап шеккендерге кәсіби, психологиялық көмек көрсетуге арналған 1414 жедел желісін іске қосады. Қоңырау шалушылармен кәсіби психолог мамандар жұмыс істейді. Желі жұмысы жақын арада басталады.