Бүгіннен бастап, 2022 жылғы 10 қаңтарда Halyk Bank Алматы қаласы, Алматы облысы, Талдықорған және Жаңаөзен қалаларынан басқа еліміздің ірі қалаларында да, шалғай аудандарында да бүкіл Қазақстан бойынша 297 бөлімшесінің толыққанды жұмысын бастайды. 

Жұмыс істеп тұрған бөлімшелерде Банк заңды және жеке тұлғаларға қызметтердің барлық спектрін ұсынады.

Жұмыс кестесі орналасқан аймағына байланысты таңғы 09:00-ден 17:00-ге дейін немесе 18:00-ге дейін.

Бөлімшелердің мекенжайлары бойынша өзекті ақпаратты Банктің тәулік бойғы байланыс орталығынан 7111 нөмірі бойынша алуға болады.