«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында зардап шеккендер үшін өз бастамаларымен қан тапсыруды жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, атыраулық теміржолшылар алғашқы донорлар болды. Игі акцияны басқа аймақтардағы компания қызметкерлері де қолдай кетті. Үш күн ішінде қан құю бекеттеріне 200-ден астам теміржолшы жүгінген.