Бұл үшін елімізде барлық қажетті жағдайлар жасалған. Вакциналар қоры бар: шамамен 5 млн доза, оның ішінде 2,8 млн доза вакцинациялауға және 2,2 млн доза ревакцинациялауға арналған.
«Сонымен қатар, халықтың осал топтарын қорғау үшін ревакцинацияға арналған вакциналарды таңдау мүмкіндігі кеңейтілді. 60 жастан асқан адамдарға қосымша Комирнати («Пфайзер») вакцинасы ұсынылады. Адамдардың осы тобын вакцинациялау басталды. Сондай-ақ, еліміздің өңірлері 23,8 млн-нан астам вакцина дозасымен қамтамасыз етілген. Бүгін вакцинациядан өтіп, ертең аурудың жеңіл ағымын қамтамасыз етесіздер! Ревакцинацияның тиімділігі вакцинацияның әсерінен асып түсетіні дәлелденген. Ал ревакцинация 70%-ға дейін аурудың ауыр түрлерінен қорғайды, ауруханаға жатқызудың және өлімнің алдын алады», - деді спикер.