Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Pfizer компаниясының қағидатты ұстанымы – вакциналарды сатпау екендігін, бірақ оның қазақстандықтардың нақты санаты үшін қолжетімді болып табылатынын жеткізді.  

«Pfizer қол жетімді, біз бұл вакцинаның 4 миллионнан астам дозасын сатып алдық. Бүгінгі таңда онымен егіле алатын адамдардың нақты санаты бар - бұл 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізіп жүрген әйелдер. Ұжымдық иммунитеттің қалыптасуын ескере отырып, бұған қоса 60 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға мүмкіндік берілді. Бұл еліміздің 1 млн-нан астам тұрғыны. Дегенмен, вакциналардың басқа да түрлері барын ұмытпауымыз керек. Бұл «Синофарм», отандық QazVac. Қолжетімділік бойынша мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Сонымен қатар, Pfizer-дің 1 млн дозасына тағы да тапсырыс береміз», - деді Тоғжанов.