Оның сөзінше, ел ауқымында локдаун енгізу қарастырылып отырған жоқ.  


«Біз қазіргі кезде қолданып отырған барлық шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің «қызып кетуіне» жол бермеуге, сондай-ақ коронавирустық инфекциядан болатын өлім-жітімді азайтуға бағытталған. Бұдан әрі шектеу шаралары әр өңірдегі, объектілердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сараланып қабылданатын болады. Осы жылдар ішінде біз болжауды да, шектеу шараларын жоспарлауды да үйрендік», - деп түсіндірді елдің бас дәрігері.