Оның айтуынша, бұл шаралар терроризмге қарсы операцияны тікелей жүргізу үшін күштер мен құралдардың едәуір бөлігін босатуға мүмкіндік беріп, террористік белсенділіктің төмендеуіне ықпал етті. 


«Қазақстанда ҰҚШҰ-ның бітімгершілік әлеуетін өрістету дер кезінде және тиімді болды, іс жүзінде ведомствоаралық және мемлекетаралық өзара іс-қимыл мен ұйым ішіндегі үйлестіру тетіктері пысықталды. Мемлекет басшысы ұйымның жақсы тәжірибе жинақтап, беделді әскери-саяси ұйым ретінде өзінің тиімділігін көрсетті атап өтті. Іс жүзінде болған оқиғалар ҰҚШҰ дамуындағы шешуші кезең болып, қуатты халықаралық институт ретінде жаңа қасиеттерге ие болды. Ұйымға одақтастар террористік шабуыл кезінде Қазақстанға қолдау және дер кезінде көмек көрсетті. 


Тағы да Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің атынан Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан сынды ұйымға мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарына моральдық тұрғыдан қолдау, тікелей және жедел әскери көмек көрсеткендері үшін ризашылығымды білдіреміз. Бұл операция көпжылдық ынтымақтастық барысында пысықталған тетіктерді іс жүзінде қолданудың мысалы ғана емес, сондай-ақ одақтас мемлекеттердің жауынгерлік бауырластығы мен рухының нақты дәлелі ретінде ұйым тарихына енетіні сөзсіз», - деп түйіндеді қорғаныс ведомствосының өкілі.