Елімізден ҰҚШҰ Біріккен бітімгершілік контингентін кезең-кезеңімен шығару биыл 13 қаңтарынан бастап Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы-Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың белгілеген мерзімдерде жүзеге асырылды. 


«Бірлескен бітімгершілік контингенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 2-ші және 4-баптарына сәйкес әріптестерге көмек сұрап, өтініш жасау негізінде елдегі жағдайды тұрақтандыруға жәрдемдесу үшін Қазақстанда орналастырылды. Жыл сайынғы бірлескен оқу-жаттығулар, оның ішінде «Мызғымас бауырластық» бітімгершілік оқу-жаттығуы барысында әзірленген іс-қимылдардың үйлесімділігінің арқасында ұйымның бітімгершілік әлеуеті жедел іске қосылды. Бұл әскери контингенттерді ұйымдасқан түрде Қазақстан аумағына жеткізуге мүмкіндік берді. Оқиғалардың қарқынды өрбуіне байланысты, бітімгерлер бөлімшелері елге 6 қаңтарда келе басталды. Қысқа мерзімде ресейлік әскери-көлік авиациясын пайдалана отырып, екі мыңнан астам адам мен 250 бірлік техника жеткізілді», - деп атап өтті қорғаныс ведомствосының өкілі.  


Бұл ретте Қазақстанның Қарулы Күштері бітімгершілік контингентінің қауіпсіз келуін қамтамасыз етті.  


«Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Қазақстан аумағы үстінен әскери-көлік авиациясының ұшу қауіпсіздігін қадағалады. Десанттық-шабуылдау әскерлері Ұжымдық бітімгершілік күштерінің негізгі бөлімшелері келген Алматы қаласының әуежайын күзетуге және қорғауға алды. Бітімгерлердің әскери техникасы колонналарының қозғалысына ілесіп жүрді. Ұжымдық бітімгершілік күштері штабының жұмысы үшін орын дайындалып, жабдықталды, оны күзету және қорғау қамтамасыз етілді. Ұжымдық бітімгершілік күштері штабы ҚР ҚК Бас штабының жедел тобымен, Алматы қаласының комендатурасымен, терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабымен үнемі ақпарат алмасып тұрды. Ұжымдық бітімгершілік күштер жедел өрістетіліп, еліміздің мемлекеттік органдарымен келісу бойынша оларға жүктелген стратегиялық нысандарды қорғау міндеттерін орындауға кірісті», - деді полковник.