Оның айтуынша, айыппұл санкциялары бұдан әрі де қолданылмайды. 

«Елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру шаралары аясында кәсіпкерлікті қолдау үшін бақылау шаралары тоқтатылды. Мемлекеттік кіріс органдары бастаған және бастама жасаған салықтық және кедендік тексерулерді, оның ішінде тауарларды шығарғаннан кейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді 2022 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде тоқтата тұру және кейінге қалдыру көзделген. Көрсетілген мерзімге дейін мемлекеттік кіріс органдары жаңа тексерулер жүргізбейді. Бұған кәсіпкерлердің өздерінің және құқық қорғау органдарының өз қызметіне қатысты өтініштері бойынша бастамашылық жасалатын тексерулер қосылмайды», - деді спикер. 


Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 ақпанға дейін камералдық бақылау жүргізу, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламалар және салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар қалыптастыру тоқтатылды.