«Салықтық реттеу мәселесін дұрыс түсіну қажет. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін меншік құқығында тіркелген қоймалары бар жеке тұлғалар жыл сайын өз бетінше есептеуге, Мемлекеттік кіріс органына баруға және жеке салық декларациясын тапсыруға міндетті болған.  
Қоймалар бойынша Салық кодексіне түзетулер енгізу халық үшін бұл қолайсыздықты жояды. 
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ салық салу мақсаттары үшін осындай қоймалар бойынша Бағалау құны жөніндегі мәліметтерді беретін болады, ал мүлік салығын есептеуді МКК осы құн негізінде жүргізеді және пәтерлердің мүлік салығымен бірге хабарлама жіберетін болады. Яғни, бір хабарламаға салықтың барлық сомасы енгізіледі", - деді спикер.