«Прокурорлар Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторын тексеру кезінде, 73 дене жарақаттары бар адамдарды анықтады. Олардың ішінде үшеуіне қатысты бұртартпа шаралары өзгертілді, олар қазір бостандықта. 29 оқ жарақат алғандар қалалық ауруханаралға жатқызылды. 41 қамауға алынғандар, жарақаттардың ауырлығын ескере, тікелей изоляторда ем алуда. Қатыгездікпен қарау, сондай-ақ медициналық көмекті көрсетпеу ықтимал жағдайларын тәуелсіз тексеру мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкілі және басқа да адам құқықтарын қорғау ұйымдарына ұстау мекемелеріне кіруге рұқсат берілді. Бұдан басқа, Республикалық адвокаттар алқасымен бірлесе, уақытылы білікті заң көмегін көрсету және қорғаушылардың мекемелерге кіру мәселелері шешілді. Бүгінде прокуратура органдарына азаптау және полиция қызметкерлерінің тергеу барысында азаматтардың құқықтарын бұзу деректері бойынша 91 шағым түсті. Әр шағымға шара қолданудамыз. 19 арызда көрсетілген заңбұзушылықтар расталмады, ал 56-сы бойынша тексерулер жүргізілуде», - деп атап өтті бас прокуратура өкілі.
Сондай-ақ, кейбір жағдайларда азаматтардың құқықтарын бұзу фактілері расталды
«Мысалы, 12 қаңтарда Алматы қаласының прокуратурасымен заңсыз қамауда отырған 24 қала тұрғыны босатылды. Бұл фактілермен арнайы прокурорлар тергеу жүргізуде. Сонымен қатар, ұсталғандарға қатысты адам өлімі, азаптау, билікті асыра қолдану деректерімен қылмыстық істер тергелуде. Республика бойынша осындай 16 қылмыстық іс басталды. Бұған дейін арнайы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне жедел шара қолдану мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде арнайы мобильді топтар құрылған болатын. Осы мақсатпен «prokuror.gov.kz» ресми сайтында облыстық және Бас прокуратураның сенімді телефондары жарияланды», - деді полковник.