Оның айтуынша, мекеме тиісті медициналық көмек көрсете алмаған жағдайда олар азаматтық ауруханаларға жеткізіледі және арнайы күзетпен емделеді.

«Бүгінгі таңда мұндай 31 адам бар, олардың 29-ы Алматы қаласының ауруханаларында, бір-біреуден - Қызылорда және Атырау қалалық ауруханаларда емделуде. Олар дене жарақаттарын тергеу изоляторларына келгенге дейін алды. Барлық кәмелетке толмағандар ересектерден бөлек ұсталады, туыстары олар туралы біледі және адвокаттар бар. Олардың барлығы қамауда сот шешімімен ұсталуда. Бұл шешімдермен келіспесе, азаматтар прокуратураға немесе сотқа шағымдана алады. Айта кетейік, Ұлттық алдын алу тетігі мен қоғамдық бақылау комиссияларының өкілдері барлық мекемелерге кедергісіз кіре алады, адвокаттар қорғауындағы азаматтармен еркін кездеседі, ал сәлемдемелер әдеттегідей қабылдануда. Қазір барлық өңірлер коронавирустық инфекциямен сырқаттану деңгейі бойынша «қызыл аймақта» болғандықтан, санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады. Бір апта ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Ұлттық алдын алу тетігінің мүшелері 12 өңірде тергеумен-қамалғандардың ұстау жағдайларын тексерді. Одан басқа, прокуратура органдары да заңдылықтың қамтамасыз етілуін үздіксіз қадағалайды», - деп атап өтті генерал.  


Айта кетейік, ҚАЖ-да және барлық өңірлік департаменттерде колл-орталықтар ұйымдастырылған, олардан қамауға алынған адамдар туралы және өзге ақпарат алуға болады. Адвокаттардың да осы орталықтардан мәлімет алуға мүмкіндігі бар.