Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сотталғандарды және қамаудағыларды медициналық қамтамасыз ету кезең-кезеңімен азаматтық денсаулық сақтау органдарына беріледі.  

«Тиісті заңға қол қойылды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 16 тергеу изоляторында және 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалған 64 мекемеде медициналық қамтамасыз ету енгізілетін болады. Азаматтық ауруханаларда оларға заманауи зерттеу, диагностика және емдеу өткізіледі. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері енді мекеме әкімшілігіне бағынбайды, бұл тыйым салынған жұмыс істеу фактілеріне жол бермейді», - деп түсіндірді генерал.