«Элизабет Тұрсынбаева да мансабын аяқтады. Бірақ ізбасарлар бар. Оларды дайындауға мүмкіндік бар. Қысқы спартакиада ойындарында спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетті. Оған Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының спортшылары ғана емес, Қызылорда, Маңғыстау спортшылары да қатысты. Ал Олимпиада деңгейі жоғары. Оған сай келетін спортшылар біраз уақыттан кейін дайын болады деп ойлаймын. Бұл спорт түріне үкімет көп күш салып жатыр. Жаңа нысандар іске қосылуда. Оңтүстік аймақтарда да тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр», деді спикер өз жауабында.  


Ведомство өкілі қысқы спорт түрлерін дамытудың жаңа бағыттары 25 ақпанда өтетін министрліктің кеңейтілген отырысында қаралатынын атап өтті.