Біріншіден, білім беру ұйымдарында балаларды оқыту форматы қайта қаралды.
«Оқытудың мәжбүрлі онлайн форматы білім сапасына және оқушылардың, әсіресе бастауыш сыныптардың әлеуметтенуіне әсер етеді. 1-ші және 2-тоқсандағы жұмысты ескерсек, мектептерде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс тәжірибесі бар - бұл педагогтарды, 12 жастан асқан оқушыларды 100% вакцинациялау, карантин енгізудің сараланған жолы, оқушылардың денсаулық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізу. Осыған байланысты, биыл 24 қаңтардан бастап сыйымдылығы 600 оқушыға дейінгі бастауыш сынып және мектеп оқушылары штаттық форматқа ауысты. Білім беру ұйымдарында 600-ден астам оқушы оқытуды ұйымдастыруға сараланған тәсіл қолданылады. Штаттық форматта оқыту жобалық қуаттың 50%-ынан аспайтын жүктемемен жүргізіледі. Оқыту форматын таңдау кезінде міндетті түрде вакцинациямен қамту деңгейі ескеріледі. Жоғары оқу орындары мен колледждерде де сараланған тәсіл енгізілді: дәрістер – онлайн, қалған сабақтар икемді кесте бойынша штаттық режимде. Карантин шараларын сақтау тек білім беру ұйымдарының ғана емес, ата-аналардың да басым міндеттерінің бірі болып табылады», - деп атап өтті ведомство өкілі.
Сонымен қатар, санэпидбақылау органдары тұрақты негізде індетке қарсы шаралардың сақталуына мониторинг жүргізеді. Егер сыныпта КВИ жұқтырудың бір жағдайы анықталса, бұрынғыдай, бүкіл сынып онлайн форматқа ауыстырылады.