Оның айтуынша, 71 мемлекеттік мекемеге зиян келтірілді, оның 12-і әкімшілік ғимараттар мен 27 полиция объектілері. 


«Ең көп зардап шеккен бизнес объектілері, олар зақым келтіруден өзге толықтай тоналды олардың саны – 1 395. Одан өзге 700-ден астам автокөліктер зақымдалып, жойылды, оның 500-ден астамы полицияның, Қорғаныс және Төтенше жағдай министрліктерінің жедел жәрдем және өзге органдардың қызметтік көліктері. Сондай-ақ 116 жеке адамдар көліктері. 
Шабуылдар барысында 7 аңшылық дүкендеріне шабуыл жасалып, тоналды олардан 1 564 дана азаматтық қару ұрланды», - деді спикер.