«Күдіктіні ұстау, олардың іс-әрекеттерін саралау, сондай – ақ бұлтартпау шараларын таңдау сияқты барлық негізгі іс жүргізу шешімдері тек прокурормен келісіледі. Одан өзге, тінту, алу, сараптама үшін үлгілерді алу, бас шарасын санкциялау сияқты іс жүргізу әрекеттері тергеу соттарының қаулысы негізінде жүргізіледі. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған барлық адамдар дене жарақаттарының болуына медициналық куәландыру жүргізілгеннен кейін ғана, оларды алу мән-жайлары анықтала отырып, уақытша ұстау абақтысына қамалады, себебі кейбіреулері тәртіпсіздік орнынан тікелей медициналық мекемелерге жеткізілді. Бұдан басқа, ұсталған күдіктілердің адвокаттарға қолжетімділігі қамтамасыз етіледі, қажет болған жағдайда мемлекет қаражаты есебінен тегін қорғаушылар қызметі ұсынылады», - деді спикер.