«Берекелі бастама» порталы құрылды. Біз пилоттық режимде Ақтау және Атырау қалаларын қайта құру бойынша ұсыныстарымызды жүктедік. Бұл пилоттық ұсыныстар: ниет білдіргендердің барлығы осы жұмысқа қосылып, өз қалаларын дамыту бойынша ұсыныстарын бере алады. Жалпы, біз бүкіл елді қамтығымыз келеді. Ірі облыс орталықтарынан бастаймыз, бірақ бұл шағын қалалардың тұрғындары бұл процеске қатыса алмайды дегеннің белгісі емес. Өз қаласын жаңа форматта, жаңа сапада көретін кез келген адам осы порталға өтінім бере алады. Біз бұл ұсыныстарды мұқият қарастырып, жалпы талқылауға енгізетін боламыз. Біз жұмыс форматын барлық қалаларды алаңдатпау үшін белгілі бір аймақтарды алатын етіп құрамыз және осы аймақтың әр қаласын егжей-тегжейлі талқылаймыз. Неліктен Ақтау мен Атырауды алдық? Жергілікті атқарушы органдарға рахмет, осы өңірлердің әкімдері біздің өтінішімізге оң жауап берді және бірінші болып осы жобаларды іске асыру үшін өз командасын ұсынды. Біз еліміздің барлық қалаларымен диалогқа дайынбыз», - деді министр.  


Өскенбаевтың айтуынша, идея - елдің барлық қалалары мен елді мекендерін адамдар үшін жайлы орынға айналдыру.