Спикер олардың жағдайын бақылау қалай жүзеге асырылатыны туралы айтты.  

«Жыл сайын жергілікті атқарушы органдар, ТЖ құрылымдары және ҚазСуШар күзде вегетациялық кезең аяқталғаннан кейін түгендеу жүргізеді, қандай су қоймалары немесе гидротехникалық құрылыстар жөндеуді немесе қандай да бір жұмыстарды қажет етеді. Бұл жұмыс жыл сайын тұрақты негізде жүргізіледі, сондықтан бақыланбайтын жағдай жоқ. Техниканың аты техника, оны пайдалану процесінде әр түрлі жөндеуді қажет етеді. Ал қауіп төндіретін су қоймалары транзиттік режимде жұмыс істейді, яғни су жинамайды», - деп түсіндірді спикер.