«2021 жылдың 12 айында үш МӨЗ-дерінде мұнай өңдеу көлемі 17,028 млн тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,7%. Сонымен қатар 2021 жылдың 12 айында мұнай өнімдерін өндіру көлемі: автобензиндер - 4812,8 мың тонна немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 107,3%; дизель отыны - 4870,2 мың тонна немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 107%; авиаотын - 586,5 мың тонна немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 133,9%; мазут - 2410,4 мың тонна немесе 2020 жылдың ұқсас кезеңіне 116,6%-ды құрады. Биыл мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тоннаны құрайды деп жоспарланған, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 5,1%-ға артық; автобензин -4985 мың тонна, бұл 2021 жылғы көрсеткіштерден 3,5%-ға артық; дизель отыны - 5133 мың тонна, бұл 2021 жылғы көрсеткіштерден 5,4%-ға артық; авиаотын - 686,7 мың тонна, бұл 2021 жылғы көрсеткіштерден 17%-ға артық», - деді ведомство басшысы.